Ресей түрмесінде өлген Новальныйға Париж қаласынан көше аты берілді

Париж билігі ресми түрде Франция астанасындағы көшелердің біріне Ресейдің оппозициялық саяси қайраткері, марқұм Алексей Навальныйдың атын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Новая газета" мэрияға сілтеме жасап хабарлады.
"Навальный Владимир Путиннің диктатурасына қарсы күрестегі рөлі үшін Париж билігі тарапынан бағаланды", - деп мәлімдеді мэрия. "Новая газета" жазғандай, мэр Анн Идальгоның бастамасын Париж депутаттары 12 ақпанда бір ауыздан қолдады. Мұнда барлығы 163 депутат бар.
Навальныйдың атымен Avenue de Pologne көшесі аталатын болады (16-шы округте). Көшенің атауы Avenue Alexeï Navalny болып жазылады.
Бұл көше Ресей елшілігінің Париждегі ғимаратынан 400 метр қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар, салтанатты ашылукүні әлі жарияланған жоқ. Бұл шараға бірнеше ай уақыт кететіні айтылған.
16 ақпан Ресей билігі оның Ямало-Ненецк автономды округіндегі "Полярный волк" колониясында қайтыс болғаны туралы хабарлағанына бір жылы толады. Оның өлімі туралы түсініктемеде саясаткердің табиғи себептерден қайтыс болғаны айтылған. Навальныйдың жақтаушылары оны өлтірді деп санайды. Қамауда болған кезде Навальный 300-ден астам күнін ШИЗО-да өткізген.
"Немецкая волна" бейсенбі күні хабарлағандай, марқұм оппозиционердің автобиографиялық кітабы 2024 жылғы Вестминстер кітабы сыйлығын жеңіп алды. Бұл кітап "Парламент мүшесі емес жазушыдан шыққан ең үздік саяси кітап" номинациясын алды. Бұл туралы 12 ақпанда Британ парламентінде өткен салтанатты шарада хабарланды.
Вестминстер кітабы сыйлығы 2016 жылы Ұлыбританиядағы кітап саудагерлері ассоциациясы мен баспагерлер ассоциациясы тарапынан құрылды. Бұл Ұлыбританиядағы саяси публицистика саласындағы жалғыз сыйлық есептеледі, оны кітап дүкендері ұйымдастырады және парламент мүшелерінің дауыс беруі арқылы беріледі, деп жазады DW.
Фото: ura.news