Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Референдумға қатысты ойын айтты
Референдумдар көбінесе маңызды заң актісін, құжатты, Конституцияға түзетулерді қабылдау үшін өткізіледі.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдар беттерінде Мемлекет басшысы Тоқаевтың Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша референдум өткізу туралы ұсынысы жарық көрді. Осыған орай Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова пікірін білдірген еді.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, Сенат депутаты:
– Референдумдар көбінесе маңызды заң актісін, құжатты, Конституцияға түзетулерді қабылдау үшін өткізіледі. Конституцияға бұл түзетулер іргелі сипатқа ие және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін қадам.
Өз басым бұл ұсынысты құптарлық деп көрем, себебі бұл референдум Президентіміздің «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының жалғасы ретінде сияқты. Ондағы басты идея азаматтың мүдделері басты орынға шығатын, онда мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара әрекеттесе отырып, азаматтардың шешім қабылдау және олардың бақылау процесіне тартылуына мүмкіндік беретін кедергісіз мемлекет құру деп білемін.
Конституцияға түзетулерді референдум өткізу арқылы енгізу, бұл халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі. Себебі әрбір азамат «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қатыса алады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Семерка – священное число: Казыбек Иса объяснил поправки в Конституцию
В пятницу, 16 сентября, журналистам, пришедшим освещать совместное заседание парламента, запретили посещать зал заседаний. Не разрешили прессе даже протокольную съемку - то ли из-за усталости от внимания медиа, то ли просто не хотели, чтобы кто-то фиксировал преданные лица поклонников президента. Депутаты творили новое «историческое событие» – соглашались с очередной поправкой в Конституцию, позволяющую действующему президенту однократно избраться на новый семилетний срок. Чтобы два раза не вставать, в законопроект включили норму о переименовании столицы.