457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мектептерде жаңа оқу жылынан бастап фастфуд сатылмайды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкіметтегі баспасөз конференциясы кезінде мектептердегі тамақ сапасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

БАҚ өкілдері министрден жаңа оқу жылында мектеп асханаларында фастфуд сатылатынын не сатылмайтынын сұрады.

«Жоқ. Қатаң шектеу бар: мектеп буфеттерінде, соның ішінде сіз айтып отырған тез қорытылатын көмірсулар — гамбургер, чебурек сияқты фастфуд түрлері — асханаларда сатылмайды», — деді Ақмарал Әлназарова.

Бұл шектеу шоколад батончиктері мен тәтті газды сусындарға да қатысты. Өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, өткен жылы ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп асханаларындағы тамақ сапасына қатысты пікір білдіріп, балаларға берілетін тамақтың сапасына үлкен көңіл бөлу қажет екенін айтқан болатын.

Кейін премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктеріне жыл соңына дейін сарапшылар мен ғалымдарды тарта отырып, мектеп асханасы жоқ оқу орындарын да қамтитын бірыңғай ас мәзірі мен стандартты тамақтану тәртібін бекітуді тапсырған.

Фото: pixabay

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00