457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Денсаулық сақтау саласы 700 миллиард теңге қаржысын ала алмай отыр – Бердіқожаев

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесіне биыл бөлінген қаражаттың төрттен бірі әлі игерілмей отыр. Бұл туралы танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев "Ой-лайық" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Malim.kz.

«Егер жаңалықтарды қарап отырсаңыз, біздің денсаулық сақтау саласына шамамен 3 триллион теңге бөлінеді. Қазірге дейін сол қаржының 65–70 пайызы игерілуі керек. Ал бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласы 700 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты алмады. Бұл дегеніміз — жоспарланған қаражаттың 25 пайызы жетпей жатыр деген сөз. Егер осылай жалғаса берсе, денсаулық сақтау жүйесі өте үлкен қиындыққа тап болуы мүмкін», – деді дәрігер.

Оның айтуынша, мемлекеттік ауруханаларды толықтай дотация мен субсидия арқылы ұстап тұру жүйесі тиімсіз болып барады.

«Мемлекет берген қаржыға жете алмай отыр, ал жеткен қаражаттың өзі талан-таражға түсіп кетеді. Бұрын жеке медициналық орталықтар жақсы жұмыс істейтін. Бірақ кейін олар да мемлекеттік квотамен жұмыс істеген соң, айырмашылық қалмады», – деді Бердіқожаев.

Фото: видеодан скрин