457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алты айдан бері комада жатқан қызына әке-шешесі сараптамалық тексеріс жасатпақ

Астанада  22 жастағы Гүлжан есімді қостанайлық ару мұрын пердесіне жасалған жоспарлы отадан кейін алты айдан бері комада жатыр, деп Malim.kz Аikyn.kz сайтына сілтеп.  

Операция 28 сәуір күні Астанадағы жеке клиникаларының бірінде болған. Отаны бес жылдық тәжірибесі бар пластикалық хирург пен 24 жыл еңбек өтілі бар анестезиолог жүргізген. Алайда наркоздан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлап, есін жимаған.

Қыздың туыстарының айтуынша, клиника өкілдері оқиғаны жария етпеу үшін емделу шығынын өздері өтеп беруге уәде еткен. Бірақ отбасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

“Біз бос уәделерге сеніп, алданып қаламыз ба деп қорқамыз”, — дейді Гүлжанның ата-анасы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға байланысты тәуелсіз сараптамалық тексеріс тағайындалғанын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, аталған медициналық ұйымның e-license жүйесінде жарамды лицензиясы бар және ол пациенттің еміне қаржылай көмек көрсетіп жатыр.

Фото: istockphoto.com