Ақтөбедегі жол апаты: 3 адам облыс орталығына жеткізіледі
Ақтөбедегі жол-көлік апаты кезінде зардап шеккен адамдардың жағдайы әлі де ауыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, олардың жағдайын бақылып, үшеуін облыс орталығына тасымалдау шешімі қабылданған.
Бүгін үш науқасты санавиациямен қалаға әкелеміз. Біреуі 16 жастағы бала. Оның жағдайы ауыр. Жасөспірімге қаладан балалар бригадасын арнайы жібердік. Тасымалдау кезінде балалар дәрігерлер жанында болады. Кеше зардап шеккендердің отбасымен кездесіп, қандай ем-шара жүргізіліп жатқанын түсіндіріп айттым. Қазір Ұлттық шұғыл медицина орталығымен байланыста отырмыз. Егер қажет болса Астанаға санавиация арқылы жібереміз. Әзірге ондай қажеттілік жоқ. Бәрі де толық тексеруден өтіп жатыр, - деді Ерлан Сұлтангереев.
Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды. Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды. ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді. Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев зардап шеккендерді санавиациямен Астана қаласына жеткізуді тапсырды.
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі