Тоқаев 9 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді

Malim Админ

  • 22.01.2025

«Ақорда» резиденциясында тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.


Сенім грамоталарын Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.

Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты бағдары.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік ауқымдағы іс-шаралар мен кездесулерге ұйытқы бола отырып, халықаралық аренадағы белсенді ойыншыға айналды. Өңірдегі ірі экономикасы бар ел ретінде түрлі мемлекеттерден инвестицияны көптеп тартып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан нарығы экономикалық ынтымақтастыққа ашық.

Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.

Фото: Ақорда   

Байланысты жаналықтар

Кептеліс пен қалдықтарды өңдеу. Тоқаев шұғыл шара қабылдауды тапсырды

28.01.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

18.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

05.11.2024

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2024

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

18.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024
MalimBlocks
Кептеліс пен қалдықтарды өңдеу. Тоқаев шұғыл шара қабылдауды тапсырды

Бұл мәселе тек елордаға емес, барлық облыстардың басты қалаларына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

Ертең Президенттер келіссөз жүргізеді

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

Білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр