Тоқаев: АЭС құрылысы бойынша Қытайдың CNNC компаниясын сенімді серіктес ретінде қарастырып отырмыз

Қазақстан АЭС құрылысы бойынша Қытайдың CNNC компаниясын сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы Тоқаев ҚХР төрағасымен өткен келіссөзде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы саласына арнайы тоқталды.
Біз Қазақстанда бірнеше, тым болмағанда екі-үш АЭС салу туралы шешім қабылдадық. Осы маңызды жобаға ірі компанияларды тартуға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. АЭС құрылысы бойынша Қытайдың CNNC компаниясын сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырып отырғанымызды ерекше атап өткім келеді. Әлемге әйгілі компания біздің нарықта өз орнын табатыны анық. Сонымен қатар Қазақстан Қытайға табиғи уран мен ядролық отын жеткізіп отырған сенімді ел, – деді Президент.
Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде ресейлік «Росатом» компаниясы таңдалған еді.
Фото: Ақорда

Ең көп оқылған
