Тоқаев Еуропа одағының басшылығымен кездесті

Арман Қайыпхан

  • 03.04.2025

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының экономиканың түрлі секторындағы, цифрландыру және инновация салаларындағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуропа Одағының сан қырлы ықпалдастығына негіз болып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығын одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады. Бұл – энергетика, ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, көлік-логистика желілерін кеңейту, сондай-ақ цифрлық инновация, озық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы серіктестік.

Урсула фон дер Ляйен көлік-логистика саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді жобаларды іске асырудың маңызына тоқталды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады.

Тараптар С5+ЕО аясындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті.

Еуропа Одағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы саналады. Елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40 пайыздан астамы аталған ұйымға тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 миллиард долларға жуықтады. Бұл Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық көлемінің 80 пайызын құрайды.

Кездесуде экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атап өтті.

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Зеленский Рим Папасымен кездесті

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Зеленский Рим Папасымен кездесті

Тоқаев Мажарстанға барады

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді