457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Негізгі көрсеткіштер:

  • көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен;
  • Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады (өсім – 62%);
  • 12 мың шақырым жол жөнделді;
  • Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.

 Авиация және әуежайлар:

  • Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;
  • отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);
  • әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);
  • биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;
  • Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.

 Теміржол секторы:

  • 21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);
  • 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады;
  • 5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.

 Президент:

 қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

 Мемлекет басшысы:

  • Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;
  • Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;
  • Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;
  •  ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді;
  •  көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев:

көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Фото: t.me/aqorda_resmi