Тоқаев мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелеріна қатысты заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Фото: Ақорда