457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Асайын Байханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалады:

  1. Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайды;
  2. 1,1 трлн теңге инвестиция (+38%) тартылды.

Облыс әкімі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады:

Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады.
Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын (қуаттылығы 460 мың тонна) салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.

Барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны туралы айтылды:

  1. 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған;
  2. 40 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген, тағы 83-і жаңғыртылған;
  3. Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған;
  4. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 оқу ошағы жөнделген.

 Инфрақұрылым:

  1. Кейінгі 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендеген;
  2. Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген;
  3. Трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.

Президент қандай тапсырмалар берді?

  1. Инвестиция тартуды жалғастыру,
  2. «Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру,
  3. Облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізу.

Фото: Ақорда