457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан жақты талқылады.

«Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді», - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Тоқаев бүгін әлемге танымал компанияның басшысын қабылдады.

Фото: Ақорда