Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге қысым жасамауды тапсырды

Бұл пікір енді оңалып келе жатқан тілдік ахуалға қалай әсер етеді?

Malim Админ

  • 27.04.2023

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі жөнінде мәселе  көтерді.  Бастапқы сөзі әдеттегідей жаттанды болды.   


«Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек», - деді Тоқаев.      

Президенттің айтуынша, бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет.

«Осы ретте асыра сілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар, біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет.

Қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді. Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды», - деді Президент.

11 сәуір күні Үкімет отырысында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қазақ тілін білмейтіні үшін сынға алған еді. Сәтқалиев тілді жарты жыл ішінде  меңгеріп аламын деп  уәде берген болатын.   Жалпы қоғам белсенділері   мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын шенеуніктерді жиі сын садағымен түйреп жүрген-ді. Оның нәтижесі де аздап байқала бастаған. 

Тіл мәселесіне келгенде биыл кәсіпкер Рәміл Мухоряпов  «Қазақстан азаматтары қазақша жауап берсе не болады?» деген мәселе талқыланғанда  бұл - ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес» деп, оның бұл әрекеті шуға ұласқан.  Қазақша ән аййтуға рұқсат бермеген «Пинта» мейрамханасының өкілдері де  алматылықтардың жаппай байкот жариялауынан соң мәзірін қазақшалаған еді.  Ал Президенттің бұл пікірі қазақ тілінің енді оңалып келе жатқан ахуалын күрт төмендетпесіне кім кепіл?! 

Байланысты жаналықтар

«Айтушы мен тыңдаушы...»: мектептегі тіл жайы

17.08.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

08.06.2023

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

05.05.2023
MalimBlocks
«Айтушы мен тыңдаушы...»: мектептегі тіл жайы

«Неге ана тіліңде сөйлемейсің?» деген сауалға «Бұл – мода, маған ыңғайлысы осы тіл» деп жауап береді

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді  

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.