Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты

Сұлу Бөлек

  • 27.05.2025

Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті.
Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.

"Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді", – деді Президент.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Ақорда Руанда президентін салтанатты түрде қарсы алды

28.05.2025

Президент Тоқаев Ильхам Әлиевті құттықтады

28.05.2025

Тоқаев эфиопиялықтарды құттықтады

28.05.2025

Мемлекет тірегі – тәртіп: Мәлік Отарбаев Ұлытауда қоғамдық тұрақтылық жайын сөз етті

27.05.2025

Тоқаев Грузия президентін құттықтады

26.05.2025

Тоқаев Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпановты наградтады

26.05.2025
MalimBlocks
Ақорда Руанда президентін салтанатты түрде қарсы алды

Президент Тоқаев Ильхам Әлиевті құттықтады

Тоқаев эфиопиялықтарды құттықтады

Мемлекет тірегі – тәртіп: Мәлік Отарбаев Ұлытауда қоғамдық тұрақтылық жайын сөз етті

Тоқаев Грузия президентін құттықтады

Тоқаев Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпановты наградтады