457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайдв Malim.kz.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Фото: Ақорда