Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Мемлекет қауіпсіздігі
- - 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр,
- - терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді,
- - радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды.
- - террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік ұсталды.
Қылмысқа қарсы күрес
- - 13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, олардың 142 мүшесі ұсталған және 40 азамат тұтқындалған,
- - заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген.
- - есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған.
- - заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.
Сыбайлас жемқорлық
- - жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды,
- - 1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды.
Шекара және киберқауіпсіздік
- - шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталып, 3025 тұлға елден шығарылды,
- - қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді,
- - шекара арқылы 11 миллиард теңге мен құны 16,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді,
- - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.
Фото: Ақорда
Ең көп оқылған
«Бәрін көрсетемін деп отыр»: Олжас Абайдың әйелі туралы мәлімет тарады
Политика
|
08.10.2025 21:40
2025-10-08 21:40:00
«Тойға барған»: Тамара Асардың өгей баласы неден қаза тапқаны белгілі болды
Политика
|
07.10.2025 14:30
2025-10-07 14:30:00
Мәйіті түрмеден шыққан ақын туралы не білеміз?
Политика
|
05.10.2025 17:00
2025-10-05 17:00:00
Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты
Политика
|
07.10.2025 19:06
2025-10-07 19:06:00
Шымкент жақта жер сілкінісі сезілді
Политика
|
06.10.2025 09:00
2025-10-06 09:00:00
Мемлекет енді банктерді құтқармайды. Қаржыгерлер солай депті
Политика
|
06.10.2025 12:02
2025-10-06 12:02:00
"Қатынжанды болып кеткенмін": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі отбасылық өмірі жайында айтты
Политика
|
05.10.2025 14:53
2025-10-05 14:53:00