Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Кездесуде:
- Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды;
- компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды;
- мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;
- жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.
Даниил Шулейко:
- платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді;
- Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндады;
- AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.
2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.
Фото: Ақорда
Ең көп оқылған
«Жағдайлары керемет»: Айтыскер Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев пәтерге ие болды
Политика
|
21.10.2025 13:37
2025-10-21 13:37:00
Доссымақ қазақтар уыстан шығып кетті. Ресейлік ұлтшыл кезекті хатында Қазақстанға доқ көрсетті.
Политика
|
21.10.2025 12:44
2025-10-21 12:44:00
Республика күніне арналған өлеңдер
Политика
|
20.10.2025 18:00
2025-10-20 18:00:00
«6 млн теңге талап етті»: кинопродюсер түсірілім кезіндегі полицейлердің әрекетіне шағымданды
Политика
|
22.10.2025 13:22
2025-10-22 13:22:00
Юрий Аравин өмірден өтті
Политика
|
20.10.2025 12:23
2025-10-20 12:23:00
"Жеті апаны да білу керек”. Шежіреге әйелдерді де қосу ұсынысы жасалды
Политика
|
21.10.2025 15:49
2025-10-21 15:49:00
Ардақ Назаровты мандатынан айыруға ешкім хабарласпаған
Политика
|
23.10.2025 10:04
2025-10-23 10:04:00