Тоқаевтың жаңа кеңесшісі тағайындалды

"Қазпошта" АҚ-ның бұрынғы басшысы Әсел Жанасова Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Ол еңбек жолын ақпараттық технологиялар саласында бастаған. 2010–2014 жылдары Лондонда ENRC компаниясында ақпараттық қауіпсіздік директоры болды. Кейін Ұлттық банкте және «Зерде» холдингінде басшылық қызметтер атқарды. 2022 жылдың қазанынан бері «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Фото: primeminister.kz

Ең көп оқылған
