Transparency International: Қазақстандағы жемқорлық қаупі жоғары

Malim Админ

  • 11.02.2025

Transparency International халықаралық ұйымының жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 2024 жылы 180 елдің ішінде 88 орынға ие болып, 100 балдан 40 балл жинады, бұл елде әлі де коррупция жоғары мемлекеттер қатарына жататынын көрсетеді, деп хабарлайды Власть сайтына сілтеме жасап Malim.kz.

«Қазақстанның дамуына жемқорлықтың қаупі зор. Еркін БАҚ, күшті азаматтық қоғам және шынайы есеп беру жүйесі болмаса, біз жағдайды өзгерте алмаймыз. Журналистер мен белсенділерге жасалатын қысым –ескермеуге болмайтын алаңдатарлық белгі», – деп мәлімдеді Transparency International Kazakhstan ұйымының атқарушы директоры Мұрат Данияр.

Сот жүйесіндегі, атқарушы биліктегі және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану – жемқорлық жайлаған салалар есептеледі.

Ұйым Қазақстанға цифрлық жүйе арқылы бюджетке бақылау енгізуді, демократиялық реформаларды жүргізуді, сөз бостандығын, сыбайлас жемқорлықты әшкерелеушілер мен тергеушілерді қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуді, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейтуді және заңсыз активтерді қайтару процесінің ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынады.

Орталық Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда ең нашар көрсеткіш Түрікменстан (165 орын) және Тәжікстанға (164 орын) тиесілі. Одан кейін Қырғызстан (146 орын) мен Өзбекстан (121 орын) орналасқан.