«Тумышев қағидаға қайшы келді». Қоғамдық кеңес мүшелері Тоқаевқа хат жазды

Депутаттар халықтан алшақтап кетті

Бақыт БЕКОВ

  • 18.04.2022

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамына іріктеуден өткен 25 үміткер Қазақстан президенті Қ.Тоқаевқа ашық хат жазып, үндеу жолдады. Осыған байланысты Malim.kz тілшісі үміткерлермен және сарапшы маманмен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын біліп көрген еді.

Президент атына жазылған хатта: «Қаңтар оқиғасы» қоғамда әбден асқынған, тез арада шешімін таппаса  түрлі қолайсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін мәселелердің бар екенін көрсетті, қарапайым халық пен биліктің арасын жақындататын, ашық диалог өткізуге  арналған алаңдардың өз деңгейлерінде ұйымдастырылмағандығын көрсетті. Маңғыстауда жыл басынан бері ашық, қызу талқыланып  жатырған  мәселелердің бірі облыстық Қоғамдық кеңестің әлеуметтік-қоғамдық ортадағы қызметтері төңірегінде болып келеді. 2022 жылы 29 наурызда VII сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 9 сессияның күн тәртібіне енгізілген, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы мәселесі сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Нұри Тумышевтың ұсынысымен еш негізсіз 15 күнге кейінге қалдырылған. 12 сәуірде Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы ұсынған Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы Маңғыстау облыстық мәслихатының «Бекітілмесін» деген ешқандай негізсіз, талқылаусыз шешім шығаруына байланысты  бекітілмей қалды», – делінген.

Сондай-ақ олар Конституциясының және Қазақстан заңдарының сақталуының кепілі ретінде Маңғыстау облыстық мәслихатының тарапынан орын алып отырған заң бұзушылыққа тоқтау салуды сұраған.

«Маңғыстау облыстық мәслихатының бұл әрекеті Сіздің, «Қоғамдық кеңестердің жұмыстары – халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныстарын билікке жеткізу, наразылықтарды азайтуға бағытталуы керек, халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға атсалысуы керек» деген, қағидаттарыңызға қайшы келіп отыр. Облыста үлкен резонанс туғызып отырған бұл жағдай Маңғыстау өлкесінде қоғамдық тұрақсыздық қаупін қайтадан тудырып, халықтың билікке деген сенімін жоққа шығарып отыр. Маңғыстау облыстық маслихатының ұстанған позициясы мен қабылдаған шешімі «Жаңа Қазақстан» туралы бағдарламаға  мүлдем сәйкес келмейтін және еліміздегі жаңа бастамаларға қарсы бағытталған іс-қимылдар екені  анық», – деп жазады қоғам белсенділері.

Ескі жүйенің соңғы тұяқ серуі...

Бауыржан БЕРДІБАЙҰЛЫ, қоғам белсендісі, осы қоғамдық кеңестің тізіміне енген азамат:

– Мәслихаттың заң аясындағы құзыреті – жұмыс тобын бекіту. Алты қоғам өкілі, үш әкімшіліктен адам отырып, өзара сайлап тоғыз адам жұмыс тобын бекітеді. Оның бәрі ашық түрде жүріледі. Ол процесс 16 наурызда болды. Барлығы 31 адам өтті. Енді оны мәслихат бекітеді. Бірақ бекітпеді. Нақты себептерін айтқан жоқ. Мұндай жағдай елімізде болған да жоқ шығар. Бірінші еш себепсіз екі апта кешіктірді. Одан кейін «бекітілмесін» деген шешім шығарды. Президент Жолдауында қоғамдық кеңестердің ауқымын кеңейтеміз деді. Алайда жағдай – мынау. Мүмкін алда қоғамдық кеңестердің бұрынғы Мәслихаттардан құзыреті артып кетеді деп қызғана ма екен... Қазір осы жағдайға «Ақжол» мен «Комминистік» партияның басшылары қатысуымен брифинг өтіп жатыр. Мүмкін Қоғамдық кеңестің мүшесін көппартиялы қылмақ шығар. Бірақ олар бір нәрсені түсінбей отыр, Қоғамдық кеңес көппариялы болсын деген қағида жоқ. Бұл мәслихат емес қой. Қоғам кеңес деген қоғамнан кімдер іріктеліп шықса солар жұмыс істейтін жер. Білмеймін, бұл тағы да сол ескі жүйенің сарқыншақтарының жасап отырған ісі. Мүмкін бол ескі жүйеде жұмыс істеп келгендердің соңғы тұяқ серуі шығар.

Депутаттар халықтан алшақтап кетті

Руслан АХМАҒАНБЕТОВ, саясаттанушы, конфликтолог:

– Демократиялы қоғам орнауы үшін Жан-Жак Руссо өзінің «Қоғамдық келісім» деген еңбегінде қоғам тарабынан үнемі билікті бақылап отыруды айтады. Мұндағы ойы – «билікті андып» отыру емес. Ол өз ойын былайша түсіндіреді: өзіне дейін өмір сүрген Ш.Л.  Монтескье деген француз ойшылы билік тармақтарын үшке бөле отырып, халық тарабынан сайланатын өкілдер өкілетті билікке (парламент, маслихат) барса, ол атқарушы билік,  яғни үкімет,  әкімдікті және сондай-ақ үшінші билік сотты бақылай алады. Осылайша халықтың мұңы ескеріледі дейді. Алайда одан сәл беріде өмір сүрген француз ойшылы Жан-Жак Руссо бұның жеткілісіз тұстарына тоқталып, өкілетті басқаруға барған халық өкілдері,  бізше айтқанда, депутаттар екінші және үшінші билікпен бірігіп халықтан алшақтап кетті. Сондықтан қоғам депутатты өкіл етіп жібердік деп қарап отырмай, үнемі белсенділігін таныту тиіс. Себебі қоғам мына өмірге бейжай қарамауы керек дейді. Қоғамдық кеңес дегеннің мәні осыдан шығады. Енді қоғамдық кеңеске қоғам белсенділері іріктелсе біржақты қарайтын түсінік қалыптасқан. Яғни, қоғам белсенділерімен жұмыс істеу қиын деген түсінік бар. Негізінде қоғамдық кеңес арқылы билік пен халық ортасында диалог орнатуға мүмкіндік алмақ. Сол сияқты мәселені бірлесе шеше алады. Қоғамдық кеңес дегеніміз біраз жауапкершілікті қоғамның өзіне беру. Мойына жауапкершілік алғаннан кейін оның өзі де орынсыз талап коймай, бірлесе отырып атқаруға мүмкін мәселелерді ғана көтеретін деңгейге өтеді. Қоғамдық кеңеске қоғам белсенділерін енгізу арқылы қайта бірлесе  көп мәселені шегуге таптырмас сәт деп қараса,  тек бұл жағдайда екі тарапқа пайдалы. Сондықтан былай қоғамдық кеңестің жұмысына кедергі келтіру жөнсіз жайт болып саналады.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық ірі компанияның төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

13.09.2024

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

12.09.2024

Бүгін Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы басталады

12.09.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

11.09.2024

Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

11.09.2024

Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

10.09.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық ірі компанияның төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізуге назар аударды

Бүгін Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы басталады

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің жетекшілері мен делегациялары қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтайды

Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Латын графикасы негізінде қазақ әліпбиі әзірленіп жатыр

Тілтанушы ғалымдар «и», «й», «ы», «і» әріптерін белгілеу бойынша апробация жүргізді