Түркияда жоғалған екі қазақстандық үйінді астында қалған

Оларды құтқару үшін алып кран, дрон мен тепловизор    қажет

Malim Админ

  • 09.02.2023

Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кеткен екі қазақстандық – Мирус Құрмашев пен Әділ Қайырбеков туралы жаңа дерек пайда болды. Олар Антакья қаласында, үйінді астында қалған. Orda.kz-тің хабарлауынша бұл жөнінде Мирустың бауыры Алмат Құрмашев пен  Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев мәлімдеді.  Ғимараттың астында қалғандарды құтқару үшін алып кран, дрон мен тепловизор    қажет. Өйткені, ғимарат опырырылып, құлап кетуге шақ тұр. 

«Бізге 70 тоннаны көтеретін кран керек. Одан кейін FPV дроны немесе камерасы бар, қашықтан басқарылатын машина керек. Оны қосып, ғимараттың төбесіне ұшырып, қалай жетуге болатынын көру керек. Тыңдау үшін тепловизор, дыбыс жабдықтары керек. Осыны беретін таныстарыңыз болса, алғыс айтар едік» деді Алмат Құрмашев.  

Алмат Құрмашев кран іздеп жатқанына бес сағаттан асқанын, өкінішке қарай ешқандай техникаға қол жеткізе алмай отырғанын жеткізді. «Үмітіміз сөніп барады. Мұнда өте суықОл жақтағылардың халін елестету тіпті қиын» деді ол.

Айта кетейік, кеше дәл сол жерден жерлесіміз Сабина Мамадирова  табылған еді.  Соңғы мәліметке сәйкес, жер сілкінісінен  12 391 адам көз жұмып, 62 914 адам жарақат алған.  

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек