freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Алтын Емелде» Қызыл кітапқа енген дала қыранының балапаны фототұзаққа түсті

Экология
«Алтын Емелде» Қызыл кітапқа енген дала қыранының балапаны фототұзаққа түсті
Фото: gov.kz

«Алтын Емел» ұлттық паркінде дала қыранының балапаны фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Парк әкімшілігінің мәліметінше, сирек кездесетін жыртқыш құстың ұясы маңына арнайы фототұзақтар орнатылған. Соның нәтижесінде дала қыранының балапаны бейнетаспаға жазылып алынды.

Мамандардың айтуынша, мұндай бақылау құралдары құстардың тіршілігін мазаламай, олардың мінез-құлқы мен көбею ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ фототұзақтар арқылы сирек кездесетін жыртқыш құстардың популяциялық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Айта кетейік, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған құстардың қатарына жатады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу