freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында екі бала жоғалып кетті

Оқиға
Абай облысында екі бала жоғалып кетті
Абай облыстық ПД

Абай облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі баланың жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің қолда бар мәліметтеріне сәйкес, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Манатұлы Укіртаев пен 8 жастағы Әлихан Дарханұлы Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті ауданында болған. Осыдан кейін олардың қайда кеткені белгісіз болып отыр. 

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағдар беріліп, балалар болуы мүмкін орындар тексеріліп, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Абай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтеріңіз болса, дереу **102** нөміріне немесекәмелетке толмаған бателефонына хабарласуыңызды сұраймыз, — дейді тәртіп сақшылары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу