freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Қазақмыста” басшылық пен бригадирлер арасындағы тікелей диалог қайта жанданды

Экономика
“Қазақмыста” басшылық пен бригадирлер арасындағы тікелей диалог қайта жанданды
“Қазақмыс” корпорациясы

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаевтың өндірістік учаске бригадирлерімен алғашқы жұмыс кездесуіШығыс Жезқазған және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде өтті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Өзара іс-қимылдың жаңа форматы компания басшылығы мен өндірістік ұжым арасындағы тікелей диалогтыдамытуға, өндіріс орындарында туындайтын мәселелерді жедел қарауға бағытталған, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік үдерісті ұйымдастыру бойыншанақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кеніштердің техникалық жабдықталуы, қосалқы бөлшектер мен материалдардың қолжетімділігі, жабдықтарды жөндеу жұмысы, өндірістік учаскелердің қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты жұмыскерлердің ұсыныстары талқыланды.

Шығыс Жезқазған кенішінде қабылданған негізгі шешімнің бірі – жүктелімді жабу құзыретін бригадирлерге бекітуболды. Сондай-ақ жұмыскерлерге өндірістік техниканыжаңарту жоспары таныстырылды. Жыл соңына дейінкәсіпорынға төрт жаңа Monomatic және Solo бұрғылау қондырғылары жеткізіледі. Алдағы уақытта жаңа өздігінен жүретін көтергіш платформаны сатып алу және жерастыжолаушылар көлігін жаңарту жоспарланып отыр.

Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысының жеделдігін арттыру мәселесіне ерекше назараударылды. Өндірістік бөлімшелердің жұмысын нығайту мақсатында қосымша бейінді мамандарды тарту мүмкіндігі қарастырылуда.

Оңтүстік Жезқазған кенішінде тау-кен-шахталық техниканыжаңарту, жерасты жабдығын жөндеу және өндірістік учаскелерді қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етумәселелері талқыланды. Жұмыскерлер тарапынан айтылған бірқатар ұсыныс кәсіпорынның келесі жылға арналған техникалық қайта жарақтандыру жоспарына енгізілді.

Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, тау-кенқазбаларының желдетілуін жақсарту, жабдықты жаңғырту және жерасты қабатын желдету жүйесін жетілдіругебағытталған шаралар қаралды.

Мұқан Үңгітбаев атап өткендей, бригадирлермен тұрақты кездесу өткізу өндірістік ұжымнан тікелей, объективтіақпарат алуға және туындайтын мәселеге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

   «Бригадирлер күн сайын адамдармен бірге жұмыс істейді, учаскелердің нақты қажеттілігін басқалардан жақсы біледі. Біздің міндетіміз ұсыныстарды ескеріп, барынша жеделшешім қабылдау», — деді ол.

Компанияда осындай кездесу сериялары «БатысЖезқазған», «Жыланды» және «Жомарт» кеніштерінде де жалғасатыны атап өтілді. Мұндай форматтағы өзара іс-қимыл тұрақты тәжірибеге айналып, басшылық пен өндірістік ұжым арасындағы кері байланыстың тиімділігінарттыруға ықпал етеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу