«Украина атом бомбасын жасайды»

Бұл ресейлік әуе базасын немесе өнеркәсіптік нысандарды жоюға жеткілікті деп санайды.

Аялдар Күнтуған

  • 14.11.2024

Англияның «Таймс» газеті кеше «Украинаның қайтадан ядролық державаға айналуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеген.

Сарапшылар егер АҚШ Украинаны қолдауды тоқтатса, онда Укараина Ресей агрессиясын тыю үшін 1945 жылы Нагасакиге тасталған бомбаға ұқсас қарапайым бомбаны тез жасауы мүмкін. Оған Украинаның техникалық және ғылыми мүмкіндігі жеткілікті деп жазады басылым. Газет Украина Қорғаныс министрлігі дайындаған құпия емес аналитикалық деректерге сүйенгенін айтады. Онда Киев атом электр станциялары пайдаланған отыннан қалған материалдарды пайдаланып, тез арада шағын бомбалар жасауы мүмкін. Плутоний арқылы қарапайым оқтұмсықтар жасауға Украинаның әлеуеті жетеді.

«Америка Құрама Штаттары Манхэттен жобасымен жасағандай, қарапайым атом бомбасын жасау қазір, 80 жылдан кейін қиын міндет болмас еді», – делінген құжатта.

Баяндама авторы, Украина Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Алексей Ежак бұл ресейлік әуе базасын немесе өнеркәсіптік нысандарды жоюға жеткілікті деп санайды. Баяндамада Украинаның қарамағында шамамен жеті тонна плутоний бар екені айтылған.

Мақала кеше «Зеленскийдің ядролық нұсқасы: Украинаның бомбаға ие болуына бірнеше ай қалды» деген тақырыппен жарияланған. Кешке қарай Украина Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

«Украина ядролық қару жасауды көздемейді және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтайды», – деп жазды министрлік өкілі.

«Бізде ядролық қару жоқ, оны дамытып жатқан жоқпыз, ойымыз да жоқ. Украина МАГАТЭ-мен тығыз ынтымақтастық орнатқан және оның мониторингі үшін толығымен ашық, бұл ядролық қалдықтарды соғыс мақсатында қолданбаймыз», – деді ол.

Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресей Киевтің ядролық әскери бағдарламаны іске қосуға дайындалып жатқанын бірнеше рет мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Украинадағы соғыс әлемді қалай өзгертті? 20 мысал

26.12.2022
MalimBlocks
Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Украинадағы соғыс әлемді қалай өзгертті? 20 мысал

Sunday Times басылымы Украинадағы соғыстан әлемде өзгеріп кеткен 20  жағдайды, яғни, ядролық қару қорқынышынан футбол жанкүйерлерінің уайымына дейінгі өзгерістерді түгендеп шығыпты.