Стармер: Біз Украинаға қорған болуымыз керек

Malim Админ

  • 23.02.2025

Ұлыбритания премьер-министрі Киран Стармер мен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен сенбі күні «Украинада әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету қажеттілігін» талқылады, деп хабарлады «Америка дауысы».

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаны келіссөздерден шеттету жөнінде айтқаны еуропалық көшбасшылардың алаңдаушылығы тудырған.

«Ресейдің заңсыз варварлық соғысының үш жылдығы қарсаңында олар Украинада әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету қажеттігін талқылап, Еуропа ұжымдық қауіпсіздікке қадам жасауға тиіс деп келісті», - деп хабарлады Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз хатшысы.

Сенбі күні өз кезегінде, Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке әңгімелесу барысында Стармер «Ұлыбританияның Украинаға толық қолдау көрсетеді» дегенін жария етті.

«Олар Украина мен жалпы Еуропалық қауіпсіздік болашағы үшін маңызды сәт екеніне келісіп, премьер-министр Украина соғысты тоқтату жөніндегі кез келген келіссөздердің ортасында болуы керек деп мәлімдеді», - деді баспасөз хатшысы. Ол сондай-ақ, Стармер келесі аптада Вашингтонда Трамппен кездескенде осы дағдарысты талқылайтынын қосты.

Стармер АҚШ пен Еуропа арасындағы «көпір» болуды және соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойылған жағдайда Киевке территориялық және қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында барын салуды көздеп отыр

Фото: Suzanne Plunkett / Reuters.

Байланысты жаналықтар

Дуда: АҚШ Польшадағы әскерін қысқартпайды

23.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Путин мен Трамп осы айдың ішінде кездесуі мүмкін

19.02.2025

Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр

24.12.2024

АҚШ Киевке 725 миллион доллар көлемінде көмек береді

03.12.2024

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024
MalimBlocks
Дуда: АҚШ Польшадағы әскерін қысқартпайды

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Путин мен Трамп осы айдың ішінде кездесуі мүмкін

Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр

АҚШ Киевке 725 миллион доллар көлемінде көмек береді

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.