Англия: Ресей әр күні 2030 әскерінен айырылып жатыр
Фото: www.undp.org
Ресей әскері Украинадағы Донецк облысында алға жылжып, Покровск және Кураховқа жақындап келеді. Соңғы аптада Ресей қорғаныс министрлігі Трудовое мен Успеновка елді мекендерін алғанын жариялады. Украинаның DeepState мониторинг тобы Ресей екі елді мекенді басып алғаннан кейін бірқатар әскердің шегінуге үлгермегенін хабарлады. Бұл туралы euronews.com жазды.
Британдық деректерге сәйкес, Ресей армиясы 2022 жылдың бастапқы кезеңінен бері 768 000-ға жуық әскерінен айырылған, оның ішінде қаза тапқандар, жараланғандар, із-түзсіз жоғалғандар мен тұтқынға түскендер бар. Украина армиясының мәліметі бойынша, ең үлкен шығындар қараша мен желтоқсанда тіркелген, қараша айында Ресей әр күні шамамен орта есеппен 2030 адамынан айырылған.
БҰҰ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың ақпанынан бастап Украинада 12 340-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. 2024 жылы Ресейдің ұзақ қашықтыққа ұшатын қару қолдануы бейбіт тұрғындардың қазасын көбейтті.