Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Аялдар Күнтуған

  • 22.11.2024

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Днепрге зымырандық шабуылына қатысты пікір білдірді. Бұл жайында «Америка дауысы» мәлімдеді.

«Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті. Оның қорыққаны сонша, ол қазірдің өзінде жаңа зымырандарды қолданып жатыр. Ол бүкіл әлемнен жаңа қару табуды көксеп, тіміскіленеді. Ираннан әлде Солтүстік Кореядан. Бүгін жаңа ресейлік зымыран пайда болды. Барлық сипаттамалары, жылдамдығы, биіктігі – мұның құрлықаралық баллистикалық зымыран екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта сынақ жалғасуда. Путин Украинаны полигон алаңы ретінде пайдаланып жатқаны анық. Путин тыныш, қалыпты өмірден, қасындағы абыройлы адамдардан қорқады», – деді Украина басшысы.

Ал РБК сайты Зеленскийдің күллі одақтастарын, НАТО мүшелерін Ресейге қатаң шара қолдануға шақырғанын келтірді. Зеленскийдің айтуынша, Ресей екі ре «қызыл сызықтан» өткен. Біріншісі, Солтүстік Корея әскерінің соғысқа араласуы болса, екіншісі құрылқаралық зымыранды қолдануы.

«Дәл қазір әлем тарапынан күшті реакция жоқ. Ол (Президент Владимир Путин - РБК) сізді тексеріп жатыр, құрметті серіктестер. Оны тоқтату керек. Егер Ресейдің әрекетіне қатаң реакция болмаса, олар бәрінің мүмкін екенін біліп, ойына келгенін істейді», – деді Зеленский телеграм-каналында. «Путин тек өзінен күштіні ғана мойындайды. Оны зорлықпен ғана тоқтата аламыз», – деген Украина лидері.

Ал Путин өз мәлімдемесінде америкалық және британдық зымыранмен Ресей жеріне шабуылдағаны үшін қарымта қайтару мақсатында «Орешникті» пайдаланғанын айтты. Путиннің сөзінше, Украина 19 және 21 қараша күндері Батыс зымырандарымен Брянск және Курск облыстарындағы нысандарды атқылаған.

Америкалық шенеунік Reuters агенттігіне берген комментарийінде Ресейдің қолданғаны құрлықаралық зымыран емес, орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран деген. Зеленский екеуінің пікірі бір-біріне қайшы.

Путиннің бұл қадамына әлем жұртшылығы, БҰҰ, Еуропа елдері алаңдаушылық білдірді.

Байланысты жаналықтар

Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

21.11.2024

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

21.11.2024

«Украина атом бомбасын жасайды»

14.11.2024

Трамп Путинге не айтты?

11.11.2024

Украинадағы соғыс әлемді қалай өзгертті? 20 мысал

26.12.2022
MalimBlocks
Украина «сутенер», ал Ресей «опасыз» санайды

Арчаковты Украина қарулы күштерімен және Украина жағында соғысып жатқан шешен батальонымен байланысы бар деп, ұзақ мерзімге соттауы мүмкін

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

Украина дабыл жүйесін іске қосты

«Украина атом бомбасын жасайды»

Бұл ресейлік әуе базасын немесе өнеркәсіптік нысандарды жоюға жеткілікті деп санайды.

Трамп Путинге не айтты?

Осыдан бұрын әлемдік ақпарат құралдары Трамп Ресей мен Украина арасында буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деген болатын.

Украинадағы соғыс әлемді қалай өзгертті? 20 мысал

Sunday Times басылымы Украинадағы соғыстан әлемде өзгеріп кеткен 20  жағдайды, яғни, ядролық қару қорқынышынан футбол жанкүйерлерінің уайымына дейінгі өзгерістерді түгендеп шығыпты.