Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Айшолпан КЕРІМ

  • 19.01.2022

Президент жарлығы бойынша Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды қызметте болған Мұрат Бектанов бұл орында небәрі 4 ай ғана отырды. Ол Байзақтағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін өз еркімен отставкаға берген Нұрлан Ермекбаевтың орнына келген болатын.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы дүниеге келген. Взвод командирінен бөлімше командиріне дейін әр түрлі қызметтерде болды (1987-2006).

ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы және Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы міндеттерін атқарған.

Соңғы қызметі - ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.