457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та оның ұсталғаны туралы түрлі ақпараттар тарай бастады. Кейбір басылымдарда бұл жағдайдың сыбайлас жемқорлық не қаржылық қылмыстармен байланысты болуы мүмкін екені айтылған.

Кейіннен Бас прокурордың орынбасары бұл ақпаратты жоққа шығарған

Айта кетейік, Жақсылықовтың орнына қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалған еді. 

Фото: Gov.kz