457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрлігі бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны жөніндегі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін интернетте және кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл дерек Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы тарапынан жоққа шығарылды.

«Астана қаласы полиция департаменті аталған тұлғаның ұсталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігімен (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», — делінген ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Сол күні бұл лауазымға Даурен Қосанов тағайындалды.

Фото: gov.kz