Жас ғалымдар Мемлекеттік рәміздер саясаты туралы пікір алмасты

Гербтегі елдің атауы колонияны білдіретін тұспал екенін айтуы жиналған жұртшылық үшін тың ақпар болды.

Malim Админ

  • 04.06.2024

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық зерттеулер орталығы 2024 жылдың 3 маусым күні мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер саласындағы мемлекеттік саясат туралы жас ғалымдармен еркін форматтағы бас қосу өткізді.

Ұлттық музейде өткен  іс-шараның мақсаты – әр түрлі сала мамандары мен жас ғалымдардың басын біріктіру арқылы еркін форматта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, соның ішінде мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерге қатысты мәселелерді талқылау арқылы жаңа идеялар, пайымды пікірлер мен ұсыныстарды алу еді.

Кіріспе сөзді «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Қалқаман Сарин алып, мемлекеттік рәміздер күнінің қарсаңында өтіп жатқан бұл жиынның алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Геральдикалық зерттеулер орталығының бөлім басшысы Асылжан Бижанов күн тәртібіндегі негізгі мәселер барысын баяндай отырып, жиынның басты қонағы, геральдист Айдын Рысбекұлына сөз берді. Осы саланың тәжірибелі маманы, Түркиядан арнайы келген ғалым А.Рысбекұлы әлемдік геральдика ғылымының жай-жапсарына шолу жасап, қазіргі күндегі Қазақстан алдында тұрған мемлекеттік рәміздер, өңірлік төлтаңбаларға қатысты маңызды дәйектерімен бөлісті. Мәселен, гербтегі елдің атауы колонияны білдіретін тұспал екенін айтуы жиналған жұртшылық үшін тың ақпар болды.

«Тарих үнсіз қалғанда, таңбалы тас сөйлейтіні белгілі. Сондықтан да Президенттің тапсырмасына сәйкес геральдика саласын біріздендіру жұмыстарын қолға алуымыз керек. Әсіресе, өңірлік төлтаңбаларды рәсімдегенде, таңбаларымыздың сөйлеп тұруын басты назарда ұстауымыз қажет. Соған сай құқықтық негіз әзірленіп жатыр», - деді ол.

Жас ғалымдар негізінінен төрт тақырып бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Олар:

1) Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудағы жаңа көзқарастар;

2) Қазақ геральдикасының перспективалары: тарих немесе модерн;

3) Мемлекеттік наградаларды жетілдіру жолдары мен ұсыныстар;

4) Туристік брендинг, place branding, сауда брендингін дамыту.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Халықаралық байланыс және PR бөлімінің басшысы, PhD Алма Сайлауқызы еліміздегі геральдикалық стандарттарды қалыптастыру барысында ең алдымен осыған байланысты әлемдік тарих пен тәжірибені зерттеп, сосын ұлттық сипатты зерделеп, одан кейін рухты, білімді суретшілер мен дизайнерлердің қосынын қалыптастырып, сосын заманауи форматтар мен алгоритмдерді іске қоса отырып әрекет ету қажеттігін айтты.

«Бұл салада қазақилығымызды айшықтайтын ұлттық нақыштағы ою-өрнегімізді пайдаланған дұрыс. Осы арқылы ұлттық бренді қалыптастыруымыз керек», - деді ол сөзінің соңында.

Кездесуге сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бас сарапшысы, Парламент Сенаты жанындағы Талдау мектебінің түлегі Дулат Өтеғали, Қазақстандық қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаев, Astana IT университетінің доценті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қайрат Батталов, Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің басшысы, күйші, өнертанушы, PhD Ардаби Мәулет, ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының қызметкері Санжар Елемесов, Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік орталығының қызметкері Өркен Бекетаев, Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжінің оқытушысы МәдиярШәкиев, Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің қызметкерлері Өткірбай Ағатай мен Нұрлыбек Елкей қатысып, тұшымды ойларымен бөлісті.

Герб жасау принципі, геральдикалық және мемлекеттік рәміздерге қойылтаны талаптар, «Бөрілі Байрақ» феномені, леттеринг стандарттары, эмблема мен логотиптің принциптік айырмашылықтары, әлеуметтік зерттеулердің маңызы туралы терең талқылау болды.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау және Түркістан қалаларында өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекеттік рәміздер, өңірлік символикалар және наградаларды біріздендіру, жетілдіру жайында бірқатар ойлар қозғағаны белгілі. Бұл – ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жасалуы тиіс жүйелі жұмыстардың негізгі бағыты.

Сөз соңында Қалқаман Айымғазыұлы мұндай пікір алмасу алдағы күндері де өтіп тұратынын, оның нәтижесі орталықтың жұмыс барысы мен жоспарына енетінін айтып, жиынды түйіндеді.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады