Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың дамуы жөнінде есеп берді

Арман Қайыпхан

  • 22.10.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді. Қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады. Биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құраған. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары.

Елорда әкімі жылыту маусымы жөнінде баяндады. Былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастаған. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз еткен.

Жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі. Қазір жалпы қуаты 970 Гкал/сағат болатын «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік нысандар (мектеп, қолжетімді баспана, медициналық мекемелер) салу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтау, тозығы жеткен апатты үйлерді бұзу жөнінде айтты.

Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген;

Жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан.

Елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр.

Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады