457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Журналист Украинада барлаушы полковникті өлтірген киллердің есімін атады

Украина Қауіпсіздік Қызметінің (СБУ) полковнигі Иван Вороничті өлтірген Әзербайжан азаматтары дейді журналист Юрий Бутусов.

Бұл туралы malim.kz RTVI басылымына сілтеп хабарлайды.

Иван Воронич 10 шілде күні өлтірілген болатын. Жергілікті полицияның хабарлауынша, ол үйінен шығып, көлігіне бара жатқанда, әлдекімдер тақап тұрып атып кеткен. Воронич сол жерде жан тапсырған. Ол барлаушы болғанымен, тіркеуде тұрған үйде тұрыпты, ендеше киллерлерге оны тауып алу қиын болмаған сияқты.

Журналист Бутусов Вороничті атқан киллерлердің есімдерін атады. Атқан Гулализада Хагани деген болса, оның сыбайласының есімі Нармин Гулиева  екен. Олар Украинаға Молдова арқылы өткен деп есептеледі. Ресейден тапсырма алған олар Украинада заңсыз жүрген. Ұстау шарасы кезінде екеуінің де көзі жойылды дейді журналист Юрий Бутусов.

 

Photo: Украина Ұлттық Полициясы