Әйгілі Дженнифер Лопеспен сөйлескен қазақ қызы кім?

Әдемі қыз әншінің назарын өзіне аударған

Malim Админ

  • 22.02.2025

Әлеуметтік желілерде Абу-Дабиде өткен Дженнифер Лопестің концерті кезінде болған қызықты сәттің видеосы тарады. Кадрларда сахнаға жақындай түскен бойжеткен әйгілі әншімен әңгімелесіп, өзінің Қазақстаннан екенін айтады, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews-ке сілтеме жасап. 

Бұл қыздың есімі – Бинура. Концерт барысында Лопес көрермендермен тілдесуді ұйғарып, залда отырғандардың біріне сұрақ қояды. Сол сәтте сахнаға жақындаған әдемі қыз әншінің назарын өзіне аударады.

Лопес:

— Сен қайдансың? – деп сұрайды.

— Мен Қазақстаннанмын, – деп жауап береді Бинура.

Бұл жауапты естіген Лопес ерекше қуанып:

— Ол Қазақстаннан екен! – деп көпшілікке жариялайды. Содан кейін ол қыздың есімін сұрайды.

— Бинура!

Алайда, әнші бұл есімді бірнеше рет қайталап көргенімен, оны айтуда біраз қиналады. Дегенмен, бар күшін салып, дұрыс айтып шығады.

— Қазақстаннан, қош келдің! Мен тырыстым, тоқтамадым, өте қиын екен. Бинура! Мен сені жақсы көремін! – деп сахнадан айқайлаған Лопес көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фотоколлаж: sn.kz 

Байланысты жаналықтар

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

11.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

08.04.2025
MalimBlocks
«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

Дженнифер Лопес Астанада концерт береді

Ол әлемдік турне аясында елордаға келеді.