Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Әлем мойындаған өнер иесін өз көзіммен көргім келеді. Билет сатып алдым, балаларыммен бірге сол концертке баруды жоспарлап отырмын. Орындаушы өте көп. Шакираны да көруге болар еді, Лара Фабианды да, менің сүйікті әншім. Осындай концерт елімізде жиірек өтсе екен деймін. Әлем деңгейіндегі мұндай жұлдыздардың концерті еліміздің имиджіне оң әсер етеді. Коммерциялық ұйымдардың осындай шараларды ұйымдастыруы мәдени кеңістіктің дамуына үлес қосады әрі біз оны қолдаймыз", - деді Балаева.
Еске салайық, әлемге танымал америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамызда "Астана Арена" стадионында өнер көрсетеді. Концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтіледі.
Фото: Sputnik.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
