457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Әлемге әйгілі әртіс Дженнифер Лопес өзінің Up All Night атты жаһандық туры аясында Алматыда жеке концерт береді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы First Media Group әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерт биыл 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Билеттердің қашан сатылымға шығатыны және бағасы әзірге белгісіз.

Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концерті – әлемдік деңгейдегі оқиға ретінде бағаланып жатыр. Ол Instagram желісінде 240 миллионнан аса оқырманы бар әртіс – жаһандық поп-мәдениеттегі ең ықпалды әйелдердің бірі.

Фото: instagram.com/jlo/