Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуінің анасын әлі күнге дейін «мама» деп атайтынын айтты

Айгүл Иманбаева ажырасар алдында ата-енесінің алдынан өткен екен.

Сабина Асқарқызы

  • 23.08.2024

Қазақстандық актриса, әнші Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасса да, әлі күнге дейін оның ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол мұндай қадамға барар алдында ауылдағы ата-енесінің алдынан өткен. Олар да өз кезегінде бұл райынан қайтарғысы келгенімен, әнші шешім қабылданып қойғанын алға тартқан.

Балам алты айлық, оны алып, Сәбиттің ауылына ата-енеме бардым. Он күндей үйде болдым. Бірақ барған бойда ажырасатынымды айттым. «Сіздердің баталарыңызды алып кетейін деп едім. Немереңіз, міне, қай уақытта десеңіз де алып келуге дайынмын, тек тұра алмаймын» деп түсіндірдім. Содан үлкен әжеміз тірі еді. Жылады, «Сәбитпен сөйлесейін, кетпе» деді. Сосын бұл менің шешімім екенін түсіндірдім. Сонымен, он күн үйде болып, үйдің бәрін тазалап, әктеп, бәрімен қоштасып кеттім. Атам-анамның үйіне дейін әкеліп тастады. Анам да қой сойып, қонақ етті. Одан бөлек «құдағидың сыбағасы» деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, солай үлкендердің рұқсатымен ажырастым. Себебі олардан жаманшылық көрген жоқпын. Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай мені бақты. Әйел болып жамандайын десем, олардың жамандығын көрмедім. Күні бүгінге дейін араласамын, сәлем саламын. Қазіргі жолдасым «Айгүл, мен бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін, сен ренжімейсің бе?» деп сұрады. Сол кезде «осы жерден келісіп алайық, мен де бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін. Аналардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ, олар ана ғой» дедім. Сөйтіп, екеуміз келісіп алдық. Әлі күнге дейін солай енемді «мама» деймін, - деді Иманбаева «Мамский әңгіме» подкастында.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva 

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген