Алтынай Жорабаева ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізді
Әнші ата-анасына көлік мінгізген
Танымал әнші Алтынай Жорабаева пен туған інісі Талғат Жорабаев ата-анасының алтын тойын жасап берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Той басында қос әнші ата-анасын мейрамхана төріне алып шықты. Одан кейін әкесі, іні-бауырлары мен әулеттің күйеу балалары әншінің анасына гүл шоқтарын тарту етті.
Өнер иелері ата-анасына Chery Tiggo 7 Pro автокөлік және анасына италиялық шуба сыйлады.
«Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге осы бақыт,
Өміріңіз баға жетпес асыл ақық.
Тағы да 50 жылда бірге жүріп,
Болыңыздар отбасына алтын, жақұт», - деп жазды әнші.