Алтынай Жорабаева жүктілігі туралы жаңалықты жақындарына қалай жеткізгенін көрсетті

Видео екі жыл бұрын түсірілген.

Сабина Асқарқызы

  • 08.01.2025

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі көптен күткен жүктілігі туралы жолдасы мен жақындарына қалай хабарлағанын көрсетті. Алтынай Жорабаева мұрағаттық бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Әнші қуанышты жаңалығын ең алдымен жолдасы мен қыздарына хабарлаған. Отағасы мен өнер иесінің перзенттері бұл хабарға қатты қуанып, тіпті кейбірі көз жасына ерік берген. Оған қоса эстрада жұлдызы жүктілігі туралы туған інісі Талғат Жорабаев пен оның келіншегіне, сонымен қатар ата-анасына қалай хабарлағанын да көрсеткен.

Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтаулар мен мадақтар Аллаға ғана тән. Аллама сансыз шүкірлер. Зымыраған уақыт-ай. Осыдан екі жыл бұрын көптен күтіп жүрген жаңалығымызды жақындарымызбен бөлісіп едік. Видеоға түспей қалғаны да бар. Міне, бүгін сіздермен бөліскім келді. Алланың қалауымен Амина Алишерқызына бүгін 1 жас толды. Амина қызымыз – қаншама жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан. Сәби күтіп, дұға жасап жүрген жандарға жұғысты болсыншы. Дұға-тілектеріңізге мың алғыс. Өздеріңізге еселеп қайтсын, - деген жазба қалдырды ол.

Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

 

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.