Әнші Роза Рымбаеваға тағы бір атақ берілді

Арман Қайыпхан

  • 13.12.2024

Облыс әкімдігінде «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жерлестеріміздің еңбегін атап өтіп, оларға айрықша белгісін салтанатты түрде табыстады.

«Бүгін біз, екінші мәрте, өңірдің ең жоғары наградасы – «Абай облысының құрметті азаматы» атағын табыстау үшін бас қосып отырмыз. Бұл – елге адал қызмет жасап, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал. Тіпті шетелдіктер жақсы танитын жерлесіміз де бар. Сондықтан барлығы құрметке лайық деп санаймыз», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

«Абай облысының Құрметті азаматы» атағы:

1. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстанның еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева;

2. «Вестник», «Адам. Энергия. Атом» журналдардың бас редакторы және ҚР Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков;

3. Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Сләмұлы Еспенбетов;

4. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин;

5. «Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтеновке берілді.

Наградадағы айрықша белгі ерекше мағынаға ие. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк – бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025
MalimBlocks
Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады