Атақты «Орда» тобы тыңдармандарымен қоштасты

Өнер иелері Алматыда қоштасу кешін өткізді

Сабина Асқарқызы

  • 17.02.2025

Қазақстандық музыка индустриясының айнымас бөлшегіне айналған «Орда» тобы тарайды. Бұл туралы өнер иелері қорытынды концертінде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2000 жылдардың басында құрылған «Орда» тобы қазақстандық музыканың дамуына елеулі үлес қосты. Топтың алғашқы қадамдары "Бауыржан шоу" театрының құрамында болғанда басталған. Сол кезде Беделхан және Оразбековтер отбасының ағайындары қосылып жұмыс істеп, ән айта бастайды. Олар өздерінің ерекше стилімен, кәсіби вокалымен және жаңашыл аранжировкаларымен танымал болды. Топтың хит әндері бірнеше буын тыңдармандарының жадында сақталып қалғаны анық.

Топ мүшелері алдағы уақытта жеке жобаларымен айналысатынын айтты. Қоштасу концерті жанкүйерлер үшін ерекше эмоцияға толы кеш болды, онда «Орда» өзінің ең үздік әндерін орындап, көрермендеріне алғыс білдірді.

Дегенмен, «Орда» мүшелері сахнадан түбегейлі кетпейтінін және жаңа бағыттарда жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады