"Біздің кінәміз жоқ": Ерке Есмахан мен күйеуі келеңсіз жағдайға тап болды

Өнер иелері АҚШ-та концерт өтпейтінін мәлімдеді

Сабина Асқарқызы

  • 12.02.2025

Танымал әнші Ерке Есмахан мен Райм Америка Құрама Штаттарында өткізуді жоспарлап отырған концерттерінің болмайтынын айтып, көпшілікке ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұлдызды отбасының мұндай шешім қабылдауы визаға қатысты болып отыр.

Ақпанның 5-і визаға тапсыруға бардық. Кеше 10-ы күні қолыма паспортымды визасымен алдым. Бірақ, Америкада болуға берген уақыты маған 2 ақ күн. Күйеуімдікі де 12-сіне дейін. Біздің концерттердің уақытымен мүлдем сөйкес емес. Сөйтіп білікті мамандармен ақылдасып, сөйлесіп шешімге келдік. Егер біз осы визаның уақытына қарамай, ұшып барып концерт қойсақ бұл заңсыз!, - дейді ол.

Әнші АҚШ заңына қатаң бағынатынын атап өтті.

Әрине визадағы датамен барып кіріп кетуге балады АҚШ қа, біраз күндей жүруге де болады. Бірақ, жұмыс жасауға болмайды. Әсіресе қазіргі жаңа президенттің қатты бақылауына алынып тұрған тема бұл. Ұйымдастырушылар тәуекел етіп келуімізді ұсынды. Әр елдің заңын сыйлағандықтан біз келіспедік. Сонымен концерт болмайды. Көңіл күй жоқ, үйде отырмын кімге ренжірімді білмей, - деп жазды Ерке Есмахан.

 

 

Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезде де визамен кедергілер болып, Райм өзі барып келген еді АҚШ ка концертімен. Одан кейін тағы виза, енді міне тағы виза шаруасы. Осымен 3 ші рет жол түспеді. Бір жағынан хайыр. Бұл жолы тағы аяғым ауыр ғой. Ал Америкаға ұшу 20 сағат. Аллах бірдемеден сақтап тұрған шығар. Концертке билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз. Біздің кінәміз жоқ екені факт, - деп жазды әнші.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.