Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертіне арнайы қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Концерт Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley аренасының сахнасында өтеді, – делінген жазбада.
Бельгиялық әйгілі әнші, композитор Лара Фабиан – ерекше дауысы арқылы әлем жанкүйерлерінің жүрегін жаулаған өнер иесі. Ал Димаш Құдайберген – әлемдік деңгейдегі қазақстандық әнші. Екеуі де бұл музыкалық кештің маңызды бөлігі болмақ.
Іс-шара билеттері қазірдің өзінде сатылымда. Жанкүйерлерге бұл кешті ұмытылмас ету үшін арнайы премиум форматтағы ұсыныстар бар. Барлық мәліметтерді іс-шараның ресми сайтынан табуға болады.
Фото: YouTube
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
