457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық ұландықтар Димаштың челленджін қолдады

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске қосылған шығармашылық челленджге қосылып, отандық өнер мен мәдени мұраға деген құрметін ерекше форматта көрсетті, деп хабарлайды Maim.kz.

Челлендж аясында түсірілген бейнеролик көптің назарын аударды. Онда әскери тәртіп пен заманауи хореографияны шебер үйлестірген сарбаздар әсерлі би орындап, ұлттық нақыш пен музыкалық ырғақтың үйлесімді көрінісін паш етті.

Шығармашылық бастаманың негізіне Димаш Құдайбергеннің жуырда шыққан «Тау ішінде» атты бейнебаяны алынған. 

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бұл қадамы мәдениет пен әскери қызметтің үндестігін, сондай-ақ патриотизм мен өнерге деген ықыластың бірлікте өмір сүре алатынын айқын көрсетті. Челлендж өнер мен ұлт рухының шекарасыз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: видеодан скрин