Димаш Құдайбергеннің бесігі музейге қойылды
Музейге қойылған бесік 1970 жылы жасалған
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігі музейге қойылды. Бұл туралы танымал журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Музейге қойылған бесік 1970 жылы жасалған. Оған Құдайбергеновтер әулетінің 22 адамы жатқан екен.
"Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!", - деп жазды ол.
Фото: facebook.com/Бауыржан Бабажанұлы