Димашты әлемге танытқан продюсер тағы бір талантты қарамағына алды
Ол Рухия Байдүкеновамен жұмыс істеп жатқанын айтты.
Димаш Құдайбергеннің әлемге танылуына ықпал еткен Ертай Нүсіпжанов тағы бір өнер иесінің жұлдызын жағу жолында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл жолы продюсер Рухия Байдүкеновамен жұмыс істеп жатқанын айтты.
Нүсіпжановтың айтуынша, арада келісім орнатқалы жарты жылдан асқан.
Алға қойған мақсаттар орындалып жатыр деп есептеймін. Әлбетте, белгілі бір деңгейге жету үшін, әсіресе әлем аренасына шығуға қажырлы еңбек, уақыт, сенім мен табандылық қажет. Жарты жыл ішінде қойылған талап пен мақсат шеңберінде ештеңеден аянбай, шын ықылас пен сенім, жауапкершілік танытып келе жатқан Рухияға алғыс айтамын. Еңбегің жансын, бұлбұл қыз! – деп жазды продюсер.
Фото: Рухия Байдүкенова