«Грэмми» сыйлығын америкалық әнші алды

Malim Админ

  • 03.02.2025

Лос-Анджелесте 67-ші «Грэмми» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Бейонсе «Ең үздік альбом» категориясында «Cowboy Carter» альбомы үшін даңқты сыйлыққа ие болды. Аймақтағы өртке байланысты рәсім әдеттегіден қарапайым өтті.

Бейонсе ақыры «Грэмми» сыйлығын алды
Америка әншісі Бейонсе «Cowboy Carter» кантри-альбомы үшін «Ең үздік альбом» номинациясын жеңіп, «Грэмми» сыйлығын алды. Нәтижесінде «Cowboy Carter» альбомы Тейлор Свифт, Билли Айлиш, Charli XCX және басқа да әріптестерінің альбомдарын артта қалдырды.

«Көп жылдар өтті, – деді ол марапатты алып жатып. – Біз жаңа есіктерді ашып, алға ұмтылып барамыз деп үміттенемін».

Бейонсе мен оның күйеуі, рэпер Jay-Z-дің жүзінен бұл марапатты күтпегендері анық байқалып тұрды.

«Уау, мен шынымен де бұл күтпедім», – деді Бейонсе, марапатты Тейлор Свифттің қолынан қабылдай отырып.

«Ең үздік жаңа орындаушы» марапаты Чаппелл Ронға берілді, ал Charli XCX «Brat» альбомы үшін де, «Von Dutch» әні үшін де марапат алды. Сабрина Карпентер «Espresso» әні үшін статуэткаға ие болды.