Миллиард теңге: Қазақстанда 8 мың блогердің салық төлемегені рас па

Әлішер Елікбаев блогерлерге салық төлмегені туралы хабарлама келіп жатқанын айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 18.02.2025

Қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желілерде 8 мың блогерге салық комитетінен хаттар келіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, блогерлер миллиардтаған теңге салық төлемеді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Елікбаев желі жұлдыздарына 2022 және 2023 жылдары салық төлемегені туралы хабарлама келгенін алға тартты.  

Мұндай хатты 8 мың адам алды деген қауесет бар. Олардың арасында блогерлер, әзілкештер, вайнерлер, тіпті танымал спортшылар да бар. Сома көлемі әртүрлі. Менің айналамдағылардың арасында рекорд – миллиард теңге. Кейбіріне 400 миллион, кейбіріне 300 миллион теңге берешегі бары ескертілген. Сонда енді толығымен оларды табыссыз қалдыруға шешім шығарылды ма? Әрине, ешкімді аяй алмаймыз. Өйткені барлығымыз әлеуметтік желіде қазақстандықтарды тітіркендіретін өзіміздің ғажайып өмірімізді көрсетеміз, деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Елікбаевтың айтуынша, шағын ғана жеке кәсіпкерлігі бар әйеліне 100 миллион салық есептеп берген.

Әйелімнің ЖК-сінде ешқашан ондай қаражат айналымы болмаған, ешқашан. Қомақты салық салынған жігіттердің барлығы төлеуге тиіс салығын бұрын өтеген. Сондықтан таңғалып отырмыз. Қазір көпшілік салық комитетінің есігін тоздырып жүр. Енді әр тиын үшін есеп беру ұсынылып отыр, деп ашуланды ол. 

Елікбаев салық салушылар бағаны түсініксіз түрде, дұрыс емес есептеп салып жатқанын алға тартты.

Миллиард теңге салық салған досымның барлық банк карталары бойынша айналымдарын қараған. Жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алғанын есептеген. Бірақ бұл адам осы мүлкіне қаражатты 2022-2023 жылы емес, одан ертеректе тауып, жинаған. Ал ол үшін салықты кезінде төлеп те қойған.

Мұның соңы жақсылыққа әкелмейді. Жігіттер кейінгі жылдары ғана табысқа шығып, ол үшін салық төлей бастады. Алайда бұдан кейін олар қайта сөне бастайды. Бұл әркімнің қолма-қол ақша арқылы табысты жасыра бастауына және қара кассаларға ауысуына әкеледі. Осылайша, салық базасы азаяды, деп түйіндеді Әлішер Елікбаев.  

Фото: Pixabay

Байланысты жаналықтар

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025
MalimBlocks
Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді